Біздің мақсаттарымыз
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Оларды қоғамдық өмірге белсенді интеграциялау үшін жағдай жасау.
Бағдарлама
I кезең: Іріктеу — фестиваль сайтында 2025 жылғы 1 ақпаннан 20 наурызға қатысушылардан онлайн өтінімдерді қабылдау.
II кезең: Республикалық конкурс — 2025 жылғы 20-31 наурыз аралығында.
Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша барлық номинациялар және екі жас тобы бойынша 1 орын алған қатысушылар фестиваль сайтында халықтық дауыс беруге қатысуға үміткер болады.
26-27 мамыр – Астана қонақ үйінде келу және орналастыру;
29 мамыр – лауреаттарды марапаттау рәсімі;
27-31 мамыр – Гала-концертке дайындық және мәдени бағдарлама;
1 маусым – Фестиваль лауреаттарының Гала-концерті;
1-2 маусым – қатысушылардың өз қалаларына кетуі.